05.03.2007, 16:22 3524

Премьер-министр Семейге жұмыс сапарымен барады

СЕМЕЙ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов сейсенбі күні Семей өңіріне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үкімет басшысы жұмыс сапары барысында Шульбинский су электр станциясына баруды, сондай-ақ онкологиялық диспансер мен 2-ЖЭО жылу көзінде болып қайтуды жоспарлаған.

Іссапардың аяқталуына орай, Кәрім Мәсімов Семей қаласының белсенділерімен және де қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге отырыс өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны