21.05.2013, 11:47 4095

Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

TeliaSonera компаниясының Президенті және Бас атқарушы директоры Пер-Арне Бломквистпен кездесу барысында Қазақстанның телекоммуникациялық қызметінің бүгінгі жайы мен оны дамытудың перспективалары туралы әңгіме өрбіді.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

TeliaSonera компаниясының Президенті және Бас атқарушы директоры Пер-Арне Бломквистпен кездесу барысында Қазақстанның телекоммуникациялық қызметінің бүгінгі жайы мен оны дамытудың перспективалары туралы әңгіме өрбіді.

П-А. Бломквистің айтуынша, Қазақстан компанияның маңызды әріптесі болып табылады. Ол сонымен қатар, компанияның ҚР рыногындағы қызмет ауқымын кеңейте түсуге мүдделі екенін білдірді.

Deutsche Bank-тің Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Бас атқарушы директоры Петер Тильспен кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимылды жандандыра түсу мәселесі талқыланды.

Өзара тиімді әріптестік мәселесі "ConocoPhillips" компаниясының Бас атқарушы директоры және директорлар Кеңесінің төрағасы Райан М. Лэнспен кездесу кезінде де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны