07.06.2013, 13:02 5337

Премьер-Министр Серік Ахметов "Pro Team Astana" велокомандасының мүшелерін қабылдады

Үкімет басшысы команданы "Джиро д'Италия-2013" Гранд-Турда айқын жеңіске жетулерімен құттықтап, одан әрі де жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріне тілектестік білдірді.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - 6 маусымда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Pro Team Astana" велокомандасының мүшелері Винченцо Нибали, Максим Иглинский, Паоло Тиралонгоны, бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы команданы "Джиро д'Италия-2013" Гранд-Турда айқын жеңіске жетулерімен құттықтап, одан әрі де жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріне тілектестік білдірді.

"Біз үшін "Астана" велокомандасының дүниежүзілік Гранд Турларға қатысуы аса маңызды, сондықтан, біз командамыздың табыстарын жіті қадағалап отырамыз және оған бұдан әрі де жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз", - деді С.Ахметов.

А.Винокуров Премьер-Министрге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, "Астана" велокомандасының жеңісі команданың әлемдегі мықтылардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны