05.09.2007, 13:13 1580

Премьер-министр үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жария етті

Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін іскерлік өкілдеріне арналған "Тұрақты даму жолы" атты дөңгелек үстел барысында үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жария етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін іскерлік өкілдеріне арналған "Тұрақты даму жолы" атты дөңгелек үстел барысында үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметтің бір шешуші міндеті - макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтау", - деп атап өткен үкімет басшысы "үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету бағытында келісілген саясат жүргізіп отырғанын" айтты. "Біз қаржы нарығындағы ахуалға жүргізілетін мониторингті күшейтіп, бірқалыпты қатаң ақша-қарыз және салық-бюджет саясатын одан әрі жүргізіп отырмыз", - деді К. Мәсімов.

Ол сонымен қатар үкіметтің әкімшілік реформаларды да одан әрі жалғастыратынын атап өтті. "Мемлекет басшысы үкіметтің алдына корпоративтік басқару, ашықтық және қоғамға есептілік принциптерінің негізінде жұмыс істейтін ұтқыр әрі жоғары кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде айқын міндет қойды", - деді ол.

Оның айтуынша, бұған қоса экономиканы әртараптандыру, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын көтеру жұмыстары да жалғасын табады. "Еліміздің бәсекелестік қабілетін көтерудің базалық принципі лайықты білім алу мен сапалы медициналық қызмет көрсетілуі болып табылатынын біз түсінеміз", - деді ол.

Илеуметтік саясат саласында үкімет тұрғын үй құрылысын дамыту мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігін қолдауды күшейту жұмыстарын одан әрі жалғастырмақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны