02.09.2016, 12:22 3313

Премьер-Министр жергілікті полиция қызметін дамыту мәселелері бойынша кеӊес өткізді

Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен министрліктіӊ, ішкі істер департаменттері мен аумақтық жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) басшыларыныӊ қатысуымен кеӊес өтті.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен министрліктіӊ, ішкі істер департаменттері мен аумақтық жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) басшыларыныӊ қатысуымен кеӊес өтті.

Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ЖПҚ қызметініӊ қалыптасу барысы мен оны жетілдіру шараларын баяндады.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұлт жоспарыныӊ 30-шы қадамын орындау мақсатында жыл басында құрылған ЖПҚ ішкі істер органдарына қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудіӊ жаӊа нысанына көшуге мүмкіндік жасады.

Аталған қызметтіӊ жергілікті қоғамдастыққа есеп беру міндеттілігі заӊмен бекітілді, ал әкімдер жергілікті полиция қызметіне міндеттер қойып, олардыӊ орындалуын бақылау құқығына ие болып отыр. Жергілікті полиция басшылары үнемі мәслихат пен халық алдында есеп береді, сондай-ақ қызмет жұмысыныӊ сапасына баға береді, деп хабарлады ресми сайт.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларыныӊ халық алдындағы 14,5 мыӊға жуық есептік кездесуі өтті, онда миллионға жуық азамат және 7,6 мыӊнан астам жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Сонымен қатар, онда ІІО және басқа да мемлекеттік органдардыӊ қызметіне қатысты 11,7 мыӊнан астам ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Есептердіӊ нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мұндай тәсіл ЖПҚ жұмысын ұйымдастыруда полицияныӊ жергілікті атқару органдарымен тығыз қатынас орнатуына және аталған қызмет жұмысына екі жақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мұндай жаӊғырту шаралары жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) және тұрғындармен серіктестікке негізделген полиция жұмысыныӊ тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар аумақтық ЖПҚ және ішкі істер департаменттері бастықтарыныӊ есептері тыӊдалды.

Қызметтіӊ І-жартыжылдық қорытындысына талдау жүргізу - полиция жұмысыныӊ жеке көрсеткіштерініӊ жақсарғанын көрсетті. Атап айтқанда, жол-патрульдік полиция жасағы (15,2%-ға) мен учаскелік инспекторлардыӊ (16,8%-ға) қатысуымен ашылған қылмыстардыӊ көрсеткіштері жақсарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудыӊ саны артты (9,4%-ға). Қабылданған шаралардыӊ кешені жол-көлік оқиғаларын (2%-ға), жолда қаза тапқандар санын (10,4%-ға) және жарақат алғандардыӊ санын (1,5%-ға) азайтуға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны