10.01.2008, 12:17 1584

Премьер-министр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Премьер-министр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Қарағанды. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үкімет басшысы ең алдымен пайдалануға берілетін ипотекалық тұрғын үй кешеніне барды. Үй республикалық бюджеттен бөлінген несие қаржысына салынуда. 324 пәтерден тұратын бұл үйдің сметалық құны шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды. Кешенді аралап шыққан премьер - министр Сыздықовтар отбасына пәтер кілтін табыс етті. "Асхананың кең болуы әрбір әйелдің арманы, президентке рахмет", -деді пәтерді аралап шыққан Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, бағдарламада Қарағанды, Теміртау мен Абайдағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандармен танысу көзделген. Кәрім Мәсімов "Сантехпром" ЖШС-нің болаттан радиаторлар жасайтын өндіріс желісін іске қосу рәсіміне қатысады деп межеленген. Сондай-ақ, ол "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның прокат цехына барады. Бұған қоса Кәрім Мәсімов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасында болып, жер астындағы өндірісті көреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны