25.04.2007, 15:19 3415

Премьер-министр жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

ПАВЛОДАР. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы Павлодардың әуежайынан тікұшақпен Ақсуға ұшып барады. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, К. Мәсімов металлургтар қаласында "Еуроазиялық энергетикалық бірлестігі" АҚ барып, Ақсу жылуэнергетикалық станциясының техникалық қайта жабдықталуымен танысады.

"Еуроазиялық энергетикалық бірлестігі" АҚ аймақтағы ірі электр қуатын өндіруші болып табылады. Бірлестіктің жуықта қабылдаған Ақсу ЖЭС техникалық жаңарту жөніндегі бағдарламасына сәйкес үшінші және төртінші қуат блогында жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын.

Бағдарламаға сәйкес, К. Мәсімов Павлодарда "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ барып, республикада бірінші рет салынып жатқан таза алюминий шығаратын электролиз зауытының құрылысымен танысады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш зауытты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев озық жобалырдың бірі деп атаған болатын.Қуаты 60 мың тоннаны құрайтын зауыттың бірінші кезегі 2007-жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Келешекте зауыттың қуаты жылына 250 мың тонна алюминий өндіруге жеткізіледі деп күтілуде. Зауыт құрылысын салуға 850 млн. доллар инвестиция жұмсалады.

Сонымен бірге үкімет басшысы облыстағы "Казэнергокабель" АҚ мен "Павлодар мұнай зауыты" АҚ өндіріс алаңдарына барады. Кәрім Мәсімов ірі өнеркәсіп нысандарына барғаннан кейін Қазақстанның "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының павлодар облыстық бөлімшесінің өкілдерінің алдында сөз сөйлейлеп, олармен аймақтағы бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды, деп хабарлады аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Премьер-министр жұмыс сапарының аяғында Павлодар облысының С. Торайғыров атындағы кітапханасына барып қайтпақ. Аталмыш кітап қоймасы еліміздегі көне нысандардың бірі болып табылады. Өткен жылы кітапхана өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны