14.03.2012, 11:21 3478

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тараз қаласындағы индустриялық және құрылыс нысандарын аралады

Серік Ахметов Тараз металлургиялық зауытында және "Қазфосфат" ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштар зауытында болып, облыстағы ҮИИД бағдарламасы жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Тараздағы өткен жылы қайта жаңартылған Һибатулла-ат Тарази орталық мешітінде болды.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарының барысында Тараз қаласындағы индустриялық және құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Серік Ахметов Тараз металлургиялық зауытында және "Қазфосфат" ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштар зауытында болып, облыстағы ҮИИД бағдарламасы жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Тараздағы өткен жылы қайта жаңартылған Һибатулла-ат Тарази орталық мешітінде болды.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасарына сонымен қатар Тараздағы Бәйтепрек ықшамауданының құрылыс жобасын таныстырды. "Мұнда бюджет саласының қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер, коммуналдық баспаналар, екі аурухана, Назарбаев Зияткерлік мектебі және әлеуметтік нысандар салынуда", -деді Қ.Бозымбаев.

"Бәйтерек" ықшамауданында қазіргі таңда 70 пәтерлік екі үй пайдалануға берілген. Ир үйдің құрылысы 285,49 млн. теңге соманы шамалады. Мердігер ұйымдар - "Жамбылхимқұрылысинжиниринг" ЖШС мен "Бином" ЖШС үйлердің құрылысын 2011 жылдың сәуір айында бастаған болатын.

С.Ахметов сондай-ақ Таразда ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жаңартылған көппәтерлі тұрғын үйде болып, оның тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен болған кездесуде С.Ахметов тұрғын үйлерді жөндеуге бастапқы жарнаның 3 пайызға дейін төмендетілгенін атап көрсетті "ТМД елдерінің ешқайсысында, біздегідей несиелер берілмейді. Елбасының бұл тапсырмасы адамдарға 7,10,15 жылға пайызсыз несиелер алуға мүмкіндік беріп отыр", - деп атап көрсетті өз сөзінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

ТКШ жаңғырту бағдарламасының аясында былтыр Тараз қаласында 58 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткізілсе, ағымдағы жылы 88 үйді жөндеу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны