05.07.2007, 17:41 2824

Президент 2007-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңға сәйкес, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы түсімдері 2098,2 млрд теңге, шығындары - 2369,4 млрд теңге, бюджет тапшылығы бұрынғыдай 271,2 млрд теңге болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін, немесе 126 млрд теңгеге арттырылып, 271,2 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бюджет түсімдерінің болжамын үкімет 76,5 млрд теңге - 2088,1 млрд теңгеге дейін, немесе ЖІӨ-нің 16,8% көлемінде нақтылады. Ал бюджет шығындарын 2359,2 млрд теңге (ЖІӨ-нің 18%) деңгейінде қалдыру ұйғарылды. Қосымша шығындар мемлекет басшысының "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны