11.07.2006, 12:32 2968

Президент айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі заңға қол қойды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қорықтар мен қорық аймақтарын қорғаудың жаңа тәртіптерін енгізеді. Сонымен бірге заңмен “экологиялық желі” және “экологиялық дәліз” тәрізді жаңа ұғымдар қолданысқа енгізілді. Олар “ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен олармен байланысты орман, дала, шөл және сулы экожүйелердің жұмыс істеу принциптерін айқындайды”.

Сондай-ақ президент “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға да қол қойды.

Бұл құжатпен Салық, Бюджет, Жер және Орман кодекстерінің нормалары “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны