28.11.2012, 16:42 2717

Президент әкімдер рейтингіне "жұмыспен қамту" көрсеткішін қосуды тапсырды

"Шынайы жұмыс орны әкімдердің, Үкіметтің барлық бағдарламалардың жұмысының нақты көрсеткіші болып табылатындығын баса айтқым келеді",-деді Елбасы.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Президент әкімдер рейтингіне "жұмыспен қамту" көрсеткішін қосуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Шынайы жұмыс орны әкімдердің, Үкіметтің барлық бағдарламалардың жұмысының нақты көрсеткіші болып табылатындығын баса айтқым келеді",-деді Елбасы.

Осы ретте Мемлекет басшысы елімізде қолға алынып отырған Индустрияландыру, Жұмыспен қамту, орта және шағын бизнесті дамыту сынды бағдарламалар кез келген мамандық иесіне жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Яғни, елімізде жұмыс орны жетерлік. Бірақ, сәйкес біліктілік жоқ. Сондықтан да Президент Икімшілігіне осы көрсеткішті әкімдер рейтингіне қосуды тапсырамын",-деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны