28.11.2012, 23:42 3157

Президент әкімдерге өз өңірлеріндегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды

Осы орайда Мемлекет басшысы егерде елімізге келетін импорт басым болса, облыстарда индустрияландыру дамымайтындығын ескертіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге өңірлердегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы орайда Мемлекет басшысы егерде елімізге келетін импорт басым болса, облыстарда индустрияландыру дамымайтындығын ескертіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

"Бұл баршаларыңызға қатысты. Осы мәселе қатаң бақылауда болуы керек",-деп қадап айтты Н. Назарбаев.

Бұл тұрғыда Елбасы еліміздің тауарлары бәсекеге қабілетті болмауы салдарынан Қазақстанның экспорттық әлеуеті дамымай, тек тауарларды сатып алу арқылы еліміздің кәсіпорындары тоқтап қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

Сөз соңында Президент елімізге барша әлеммен бәсекелес болуға тура келетінін, сондықтан тауардың бәсекеге қабілеттілігі қатаң бақылауда болуы тиістігін қадап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны