28.04.2016, 10:47 117074

Президент Икімшілігініӊ Басшысы Нұрлан Нығматулин Парламент Сенаты депутаттарына ҚР Бас прокуроры лауазымына Ж.Асановтыӊ кандидатурасын ұсынды

Н.Нығматулин 25 сәуірде А.Дауылбаевтыӊ басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысыныӊ жарлығымен Бас прокурор лауазымынан босатылғанын, соған орай Қазақстан Президенті ҚР Конституциясына сәйкес ведомствоныӊ жаӊа басшысыныӊ кандидатурасын келісу үшін Парламент Сенатына ұсынатынын атап өтті

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Н.Нығматулин 25 сәуірде А.Дауылбаевтыӊ басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысыныӊ жарлығымен Бас прокурор лауазымынан босатылғанын, соған орай Қазақстан Президенті ҚР Конституциясына сәйкес ведомствоныӊ жаӊа басшысыныӊ кандидатурасын келісу үшін Парламент Сенатына ұсынатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осыған байланысты Президент Икімшілігі Басшысы Мемлекет басшысыныӊ ұсынымын оқып, Ж.Асановтыӊ жұмыс тәжірибесі мол екенін, прокуратура органдарыныӊ барлық деӊгейіндегі лауазымдарында болғанын, Президент Икімшілігінде және Иділет министрлігінде қызмет атқарғанын атап өтті. Мәжілістегі заӊ шығару жұмысынан тәжірибесі бар екенін және соӊғы үш жарым жылда Бас прокурордыӊ орынбасары болғанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Ж.Асановтыӊ кандидатурасы Сенат депутаттарыныӊ басым көпшілігініӊ дауысымен бекітілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны