31.05.2007, 13:58 7171

Президент Ақмола облысындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне арналған "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне арналған "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Аға буын ұрпақтың тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы жадымызда сақтау біздің адамгершілік парызымыз және осынау сұмдықтың қайта қайталануына біздің ешқашан жол бермейтіндігіміздің кепілі",- деді Н.Назарбаев. "Бұл біз үшін аса маңызды тарихи сабақ және оны біз әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз",- деді президент. "Бұл сабақ қазір де өзекті, өйткені, қайшылық белең алған қоғам ешқашан бақытқа кенеле алмайды, сол себепті біз Қазақстан атты өз үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді аялауға тиіспіз",- деді ол.

"Біздің басты міндетіміз - жаппай мойындалған демократиялық құндылықтар мен көп ұлтты қоғамымыздың дәстүрлері қиюласа үйлесім тапқан ашық, демократиялық және құқықтық мемлекеттік одан әрі нығайту. Илгі тектес трагедияның келешекте қайта қайталанбауына нақ осы басты кепілдік болып табылады",- деді президент.

"АЛЖИР" мұражай -кешені Астана қалалық әкімшілігінің 2007-жылғы 26-ақпандағы қаулысымен құрылған. Ескерткіш кешен құру идеясының авторы - сәулетші Тәкен Нарынов болып табылады. Мұражай экспозицияларында мұрағат құжаттары, фото және бейнематериалдар, сұрақ-жауап хаттамалары, ату жазасы жөніндегі бұйрықтар, қуғын-сүргін құрбандарының жеке істері, саяси тұтқындардың заттары қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны