28.05.2010, 11:00 1655

Президент Ақмола облысындағы Васильков кен-байыту комбинатында болады

Президент Ақмола облысындағы Васильков кен-байыту комбинатында болады

Көкшетау. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақмола облысына сапары барысында облыс әкімі Сергей Дьяченкомен және "Васильков кен-байыту комбинаты" АҚ-ның президенті Алдар Өтемұратовпен кездеседі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұдан кейін президент Васильков кен-байыту комбинатының карьерінде және кәсіпорынның бас корпусында болып, кәсіпорындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен өндірістің жаңа технологияларымен танысады және алтын өндіру фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысады.

Сондай-ақ Елбасы комбинаттың жұмысшылар ұжымымен кездеседі.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Зеренді ауданындағы "Зеренді-Астық" ЖШС-нің егістік алқабына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысады және механизаторлармен жүздеседі.

Бұдан кейін Елбасы Астанаға оралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны