27.05.2008, 10:19 1387

Президент Ақтөбе облысының әкіміне ауылдарды газдандыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын қарқындандыруды тапсырды

Президент Ақтөбе облысының әкіміне ауылдарды газдандыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын қарқындандыруды тапсырды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Президент облыста электр энергиясы, халықты ауыз сумен қаматамасыз ету, ауылдарды газдандыру проблемалары шешілмеген күйі қалып отырғанын атап өтті. "Осы проблемаларды шеші үшін жұмыс жасау керек", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Икім президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.

"Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезегі пайдалануға берілгеннен кейін 1,5 миллиард текше метр газ кәсіпорын мен облыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып отыр. Ағымдағы жылдың күзінде "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр тарату желісі іске қосылып, соның арқасында облыс электр энергиясын елдің қуат көздері мол солтүстік өңірінен ала бастайды", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 51 нысан іске қосылмақ, оның алтауы "Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы" бағдарламасына енген. Алдағы уақытта төрт тау-кен байыту комбинатының, үш газ-турбина электр стансасының, электр металлургиялық зауытының құрылысы салынады деп жоспарлануда. "Тек Қандыағаш қаласында үш зауыт қатарға қосылады. Олар Қазақстандағы алғашқы жылу өткізбейтін материалдар өндіретін базальт зауыты, жылына 130 млн кірпіш шығаратын кірпіш зауыты және газ бетон зауыты", - деді брифингте Е. Сағындықов.

Жалпы алғанда, мемлекет басшысы Ақтөбе облысындағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді, деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны