04.01.2013, 16:37 3124

Президент әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерін автоматтандыру туралы түзетулерге қол қойды

Құжат президенттің 2012 жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің 60 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан республикасының әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет түрлерін автоматтандыру жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы жұма күні ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Құжат президенттің 2012 жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің 60 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.

Мәселен, электронды форматқа көшкеннен кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін электронды үкімет порталындағы бір ғана форманы толтыру жеткілікті. Бұрын бұған бес түрлі құжат жинап, үш күннен астам уақытын сарп еткенн азаматтар енді бұл шаруаны бір-ақ күнде бітіреді.

Жылжымайтын мүлік құқын тіркеу қызметі жаңа форматқа қосылғаннан кейін тіркеу құжаттарын ХҚКО-на бармай-ақ, нотариус арқылы тапсыруға болады.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін төлқұжат, жеке куәлік пен әлеуметтік жәрдемақы беру туралы өтініштер беру қызметі де автоматтандырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны