22.02.2010, 13:58 3058

Президент Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің басшылығына қаржылық орталықтың қызметінің жаңа бағыттарын анықтауды тапсырды

Президент Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің басшылығына қаржылық орталықтың қызметінің жаңа бағыттарын анықтауды тапсырды

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО) төрағасы Аркен Арыстановты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

И.Арыстанов президентті АӨҚО-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. 2006 жылы құрылған кезден бері агенттік тарапынан ЕСЖ сауда жүйесі (Еуразиялық сауда жүйесі), рейтингтік агенттік пен АӨҚО академиясы, коммерциялық негіздегі Қазақстанның қор биржасы құрылып, Алматының өңірлік қаржы орталығы болуына бағытталған қажетті нормативтік-құқытық база қалыптасты.

"Президенттің "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы біздің алдымызға қаржылық орталықты одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған байланысты мемлекет басшысы агенттік басшылығына қаржылық орталықтың қызметінің жаңа бағыттарын анықтау, сондай-ақ проблемаларды шешудің жолдарын айқындау туралы тапсырма берді", - деді журналистерге арналған брифингте А.Арыстанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны