25.07.2007, 16:41 2677

Президент Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша зңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 25-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрны да хабарлағанымыздай, "заң жобасымен үш заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ондағы мақсат - қор биржасының коммерциялық ұйым түрінде жұмыс істеуіне жағдай жасау және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың акцияларының қоржынына иелік етушілердің аясын кеңейту, қазір жұмыс істейтін брокерлік және дилерлік ұйымдарды қаржы орталығының қатысушысына айналдыру және олар үшін аккредитациялау процедураларын қарастыру, акционерлік қоғамдардық іс-қызметін реттетін нормаларды үйлестіру",- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны