03.07.2007, 10:16 1335

Президент Астанада бірнеше жаңа нысанның ашылуына қатысты

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада бірнеше жаңа нысанның ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, президент Мұңайтпасов пен Гумилев көшелерін жалғастыратын жаңа жол тоғысын және М-2 жаңа көпірін ашты. Көпірдің ашылу рәсімінде Мемлекет басшысы елорданың қалыптасу кезеңінде Астана қаласында бірнеше рет автомобиль тобы күнен-күнге көбеюде. Көлік нөпірі мәселесін шешу үшін соңғы жылдары қалада ескі көпір жөнделіп, Есіл өзені арқылы өтетін екі жаңа көпір ашылды.

"Бұл өте қуанышты және маңызды оқиға. Ир жыл сайын Асатан күні қарсаңында көптеген жаңа объектілерді ашу дәстүрге айналды. Біздің құрылысшылар өздерінің жылдам да тез істеріне қызығушылық танытып отыр", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар Көктал кентінің шетінде орналасқан ардагерлерге, мүгедектер мен қарт адамдарға арналған интернат-үйін аралап шықты. Ардагерлермен жүздесу барысында Елбасы мемлекетіміздің аға ұрпақтың қалыпты өмір сүруіне барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді.

"Бүгінгі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарында Сіздердің де үлкен үлестеріңіз бар. Қазіргі ұрпақтың міндеті кейінгі буынға қарттарды құрметтеу мен қамқорлық көрсетудің үлгісін таныту болып табылады, - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны