30.06.2008, 15:15 3168

Президент Астананың мерейтойына қатысты салтанаттардың ашылу құрметіне орай "Атамекен" ескерткішінде мемлекеттік туды көтерді

Астананың 10 жылдық мерейтойына қатысты салтанаттардың ашылу құрметіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" ескерткіш кешенінде мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Бұл іс-шарамен біз Елордамыздың мерейтойына қатысты барлық салатанаттарды бастаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астананың 10 жылдық мерейтойына қатысты салтанаттардың ашылу құрметіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" ескерткіш кешенінде мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл іс-шарамен біз Елордамыздың мерейтойына қатысты барлық салатанаттарды бастаймыз", - деді мемлекет басшысы.

"Осы жылдарда біз біршама сындарды басымыздан өткердік. Барлық жеңістерге біз аспан түстес көк туымыздың астында жеттік", - деді Н. Назарбаев. "Біртұтас көк түс біздің халқымыздың бірлігін, елімізде тұратын ұлттардың бірлігін паш етеді", - деді ол.

"Біздің көпұлтты еліміз барлық қиындықтарды еңсеріп, бүгінгі табыстарға жетті. Біздің елімізді әлем танып құрметтейді, ал біздің жаңа Елордамыз -Астана саяси оқиғалардың орталығына айналды", -деді президент.

Сондай-ақ, президент бүгін Астанадағы Цирк алаңында болып, ондағы қарағанды облысының әкімдігі тарапынан Астананың 10 жылдығына оарй тарту етілген субұрқақтар мен мүсін өнері композицияларымен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны