02.04.2010, 12:24 24847

Президент "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңға қол қойды

Президент "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңға қол қойды

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Президент "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы жеке сот орындаушылары институтын құру арқылы атқару жүйесін түбегейлі реформалауға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге және республика судьяларының IV съезінде ел президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр.

Заң жобасын талқылау барысында сот орындаушыларының ережелері мен мәртебесін реттеуге және еріксіз орындау тетіктеріне қатысты баптардың жеткіліксіздігі туралы аталып өтілді.

Осыған байланысты жеке сот орындаушылары институтын атқарушылық өндірісі жүйесінен шығару арқылы жаңғырту мен сонымен бір мезгілде қолданыстағы еріксіз атқару рәсімдерін жетілдіру атқарушылық өндірісі жүйесінің тиімділігі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмауға ықпал етеді.

Президент сонымен бірге "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға да қол қойды.

Бұл заң жобасы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" негізгі заң жобасына қосымша ретінде әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны