22.02.2007, 16:47 3006

Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісім кеңесті құрылымдау және институт ретінде заң жүзінде орнықтыруға по негіз қалайтын басты құжат болып табылады.

Келісім хатшылықты кеңес іс-қызметінің әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық жақтарын қамтамасыз ететін, құжаттар мұрағатын құратын және оларды жүргізетін, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы туралы ақпараттар алатын және таратын тұрақты орган екенін айқындайды.

Мүше мемлекеттер хатшылыққа Қазақстан Республикасының үкіметімен хатшылықтың Қазақстан аумағына келу шарттары туралы келісім жасау құқығын беріп отыр.

Аталмыш келісімге Алматы қаласында 2006 жылдың 17-маусымында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны