11.05.2010, 17:22 2915

Президент Байланыс және ақпарат министріне отандық ақпараттық кеңестіктің дамуы мәселелерін айрықша бақылауды тапсырды

Президент Байланыс және ақпарат министріне отандық ақпараттық кеңестіктің дамуы мәселелерін айрықша бақылауды тапсырды

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Жұмағалиев президентке отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.

Кездесудің барысында сондай-ақ Қазақстанда сандық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.

"Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңестіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды",- деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны