13.01.2011, 17:37 3863

Президент байланыс және ақпарат министріне телекоммуникацияны дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке телекоммуникация саалсын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді,, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке телекоммуникация саалсын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді,, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық саласын халық пен бизнес өкілдері үшін мемлекеттік қызмет көрсету спектрін кеңейту, сандық телехабарларды дамыту, елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қол жетімділікті және ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бөлігінде дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді", - делінген Ақ орданың ресми сайтында бейсенбі күні жарияланған хабарда.

Өз кезегінде А. Жұмағалиев мемлекет басшысына министрліктің 2010 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы, соның ішінде 3G үшінші буын ұялы байланыстың стандартын енгізу жөнінде, ауылда кең жолақты интернетті дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға дайындық жұмыстарын жүргізу туралы, сандық телехабарларды іске қосу және электронды үкімет порталы арқылы 1 млн. 600 мыңнан астам электрондық анықтама берілгені туралы, сондай-ақ 2011 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны