05.07.2006, 16:00 2891

Президент БАҚ мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “БАҚ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “БАҚ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”заңның жобасын еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі жасаған. Қолданыстағы заңнамаға енгізілетін түзетулердің көмегімен бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге алу және қайта тіркеу үшін алым-салық жинауды заңдастыратын норма енгізілді. Заң нормалары тіркеуге алудан бас тартуға себеп болатын негіздердің тізімін арттырады. Мәселен, алым-салық төленбеген жағдайда; қожайын өзгеруге байланысты БАҚ-ты қайта тіркеу туралы өтінішке қоса меншіктену құқығын өткеріп берілгенін растайтын нотариуспен бекітілген келісім-шартын әкелмеген жағдайда; атауы мен тақырыптық бағыттары бірдей ақпараттық басылымды тіркеуге алу туралы өтініш берілген жағдайда тіркеуден бас тартылмақ.

Заңда БАҚ тіркеуге тұрғаннан кейін алғаш рет шығатын мерзімді 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды.

Сонымен бірге заң нормаларымен бас редактор болып тағайындалуға құқығы жоқ адамдардың тізімін кеңейту көзделген. Атап айтсақ, бұған дейін бас редактор қызметін атқарған, бірақ, солардың кінәсіне байланысты БАҚ-ты басып шығару немесе, эфирге шығару соттың шешімімен доғарылған азаматтар бас редактор болып тағайындала алмайды. Заңға сәйкес тыйымның күші 3 жыл болады деп белгіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны