30.12.2008, 17:15 2811

Президент балалар үйінің пансионатында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді Жаңа жылмен құттықтады

Президент балалар үйінің пансионатында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді Жаңа жылмен құттықтады

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қалалық Балалар үйінің "Гүлдер" пансионатында болып, осында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады және оларға сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қалалық Балалар үйінің "Гүлдер" пансионатында болып, осында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады және оларға сыйлықтар берді. Өз кезегінде Балалар үйінің көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымы Елбасыға концерттік нөмірлерін ұсынды. Балалар президентке өздері жасаған естелік сыйлықты тапсырды.

Балалар пансионатында әрбіреуінде 15-20 бала тәрбиеленетін 4 отбасы тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны