26.12.2008, 18:20 3175

Президент балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Алматыда бүгін президент шыршасы өтіп, онда балалар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауын тыңдады.Мемлекет басшысы балдырғандарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен ізгілік тіледі.

Алматы. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін президент шыршасы өтіп, онда балалар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауын тыңдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы балдырғандарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен ізгілік тіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Икімдіктің мәліметінше, бүгінгі мерекеге балалар үйлері, интернаттардан және әлеуметтік аз қорғалған отбасылардан, сондай-ақ, оқу озаттары мен мектептердегі белсенді балалардан құралған 150 балғын алматылық қатысты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, балаларды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те құттықтап, "барлығына берік денсаулық, оқуда жақсы табыстар, бақыт пен игілік тіледі".

"Құрметті балалар! Сендер - еліміз бен халқымыздың болашағы болып табыласыңдар. Мемлекет өз тарапынан сендердің балалық шақтарың бақытты болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда", - деді А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны