12.07.2006, 18:37 3183

Президент бәсекелестік және монополиялық іс-қызметті шектеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер топтамасына қол қойды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Бәсекелестік туралы және монополиялық іс-қызметті шектеу туралы” заңның жаңа редакциясына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңда бәсекелестікті дамыту үшін нарықта үстемдік құрудың нышан-белгілерінің тізімі қысқартылып, заңға бағынышты нормативтік актілердегі реттеуге қажетті барлық маңызды ережелер заңға тікелей көшірілді. Мәселен, тауар нарығының шекарасын айқындау тәртіптері, үстемдік (монополия) деп бағалауға болатын үлес мөлшерін есептеу жолдары, тұрақты бағаны айқындау тәртіптері тәрізді ережелер заңға енгізілді. Алғаш рет монополияға қарсы күрес мекемесінің құқықтары мен міндеттері нақты ажыратылды.

Бұған қоса президент “Табиғи монополиялар және тауар нарықтарындағы іс-қызметті қадағалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды.

Бұл құжатта 14 заңнамалық актіге өзгерістер енгізу қарастырылған.
Түзетулер “Бәсекелестік туралы және монополиялық іс-қызметті шектеу туралы” заңның жаңа редакциясымен сабақтас.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны