12.03.2010, 17:46 3108

Президент бір-біріне сыйлық жасауға арналған бап бюджетте жоқ екенін шенеуніктерге ескертті

Президент бір-біріне сыйлық жасауға арналған бап бюджетте жоқ екенін шенеуніктерге ескертті

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Президент бір-біріне сыйлық жасауға арналған бап бюджетте жоқ екенін шенеуніктерге ескертті. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Есеп комитеті маған заң бұзушылықтардың көбейгені туралы тұрақты баяндап отырады. Қымбат автокөліктер, қымбат электротехника сатып алынады, өз кабинеттерін жайластырып, қымбат жиһаз сатып алынады. Бұның бәрі - таза шығын. Мерейтойларға арнап сый-сыяпаттар жасалады. Елімізде "мерейтойшылар" қаптап барады, бәрі той-томалақ десе ішкен асын жерге қойып, кім қандай сыйлық ұсынар екен деп ізденетін болды", - деді Н. Назарбаев.

Ол "мемлекет есебінен сыйлық жасалмайды, бюджетте ондай статья жоқ", деп атап көрсетті.

"Көрпемізге қарай көсіліп үйренейік. Дағдарыс бәрімізді бірдемеге үйрететін болды ғой? ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны