06.12.2007, 16:50 3217

Президент "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Заң жобасын қабылдау Бюджеттік кодексті Конституция нормаларымен сәйкестендіруге, қаржылық тұрақсыздық болған жағдайда жедел жауап қатуға, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, заң жобасымен Бюджеттік кодексті жаңадан қабылданған Конституциялық түзетулерге сәйкестендіруге бағытталған нормалар енгізіліп отыр. Заң жобасы қаржылық ахуал нашарлаған жағдайда жедел жауап қату үшін жұмсалатын үкіметтің резервінің көлемін ұлғайту қарастырылған. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, үкімет резервінің жалпы көлемі бюджет кірісінің жалпы көлемінің 10%-інен аспауға тиіс (қазіргі заңнама бойынша 2%-тен артық болмауға тиіс).

Сонымен бірге, енгізілген өзгерістермен Ұлттық қорға қаржы аударушыларды біржола анықтау үшін мұнай секторы кәсіпорындарына жататын ұйымдардың іс-қызметінің түрлері анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны