30.01.2008, 17:57 3219

Президент "Болашақ" бағдарламасын модернизациялауды ұсынады

Президент "Болашақ" бағдарламасын модернизациялауды ұсынады

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті "Болашақ" бағдарламасын модернизациялауды ұсынады. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жаңа міндеттер бағдарламаны одан әрі дамытуды талап етеді",- деді Н. Назарбаев.

Оның пайымдауынша, бірінші кезекте "стипендиаттарды іріктеу жүйесінің барынша ашық болуын қамтамасыз ету" қажет. "Қоғам демократияға және ең бастысы бағдарламаның әділдігіне күмәнданбауы керек",- деп атап көрсетті елбасы. "Жастардың әділ өтуі керек және де шенеуніктер мен министрлерді өз адамдарын тықпалағаны үшін жұмыстарынан әлсін-әлсін алуға тура келмейтін болуы керек",- деп қосты ол. "Шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссия осы процестің барлығын бақылауға алуға тиіс. Білім және ғылым министрлігі оның нәтижесіне толық жауапты болуға тиіс",- деп атап көрсетті президент.

Сонымен қатар Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "бағдарламаға мемлекеттік жас қызметкерлердің, әсіресе аймақтардан келген мамандардың біліктілігін көтеру мүмкіндігін қамту керек".

Президент сондай-ақ халықаралық бағдарлама орталығының базасында әлемдік тілдер мектебін құруды ұсынды. "Бұл стипендия үміткерлерінің көп уақыты мен қаржысын үнемдеуге болатын жақсы ұсыныс",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Стипендиаттардың оқу кезінде қазақстандық ортадан алыс кетпеуі үшін олардың жазғы демалыстарында Қазақстанның мемлекеттік органдарында, ғылыми институттарында, ұлттық компанияларында біліктілік шыңдаудан өтуін қарастыру қажет",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны