03.09.2009, 16:36 2962

Президент "Дарьял-У" нысаны қоймасындағы химиялық қауіпті конденсаторлар проблемасын шешу туралы тапсырма берді

Президент "Дарьял-У" нысаны қоймасындағы химиялық қауіпті конденсаторлар проблемасын шешу туралы тапсырма берді

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н. Ишімов министрліктің ағымдағы жылғы жұмысы туралы, "Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экологиясы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу барысы туралы хабардар етті.

Бұл құжаттың негізгі бөлімі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу проблемаларын шешуге арналған. Осы мақсатта "Жасыл даму" Ұлттық орталығын құру және экология саласындағы бағдарламаны қаржыландыру тәртібін өзгеру көзделген.

Кездесу барысында сондай-ақ біздің еліміздің Киото хаттамасына қатысу мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың желтоқсанында Копенгагенде хаттамаға қатысушылардың конференциясы болады, онда Қазақстан 2020 және 2050 жылдарға дейінгі кезеңдерге арналған өз міндеттемесін құптайды.

Мемлекет басшысы министрліктің басшылығына биылғы жылдың ішінде Балқаш өзеніне таяу "Дарьял-У" нысаны қоймасындағы химиялық қауіпті конденсаторлар проблемасын шешу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны