10.07.2006, 18:18 2963

Президент екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жаңа заңды қабылдаудағы мақсат – қаржы нарығы инвесторларының ең бір нәзік бөлігі болып табылатын салымшы жеке тұлғалардың құқығын депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлі таратылған жағдайда қаржысын кепілді түрле қайтарып алу мүмкіндігін заңдық тұрғыда бекіту болып табылады.

Заң мәжбүрлі таратылатын банктің салымшысы болып табылатын жеке тұлғаларға депозиттерін қайтарып алуға шартсыз кепілдік беріп, олардың заңда белгіленген мөлшерде қаржысын қайтарып алу құұығы мен депозиттерге міндетті түрде кепілдік беруші ұйымның депозитті иелеріне кепілді түрде төлеп беру міндетін айқындайды.

Заңда “кепілді түрде қайтарылатын қаржының көлемі ұлғайтылып, қалдық ақша мөлшері депозит бойынша төленген сыйақыны есептемегенде 700 мың теңгеден аспайтындай мөлшерде белгіленді”. Бұған қоса заңда кепілді өтемді төлеу тәртіптері мен мерзімі айқындалып, депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, депозиттерге міндетті түрде кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру мен оның іс-қызметінің тәртіптері белгіленген.

“Заңды қабылдау халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға, мәжбүрлі таратылатын банк салымшылары – жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруға шартсыз кепілдік беруге мүмкіндік жасайды”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны