26.04.2016, 18:37 3910

Президент "Елбасы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда" киноэпопеясыныӊ премьералық көрсетіліміне барды

Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеӊді қамтиды. Туынды жаӊа тәуелсіз мемлекеттердіӊ құрылуы, соныӊ ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндай

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеӊді қамтиды. Туынды жаӊа тәуелсіз мемлекеттердіӊ құрылуы, соныӊ ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бөлек, картина Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президентініӊ елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ оныӊ бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әӊгімелейді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Фильм режиссері - РФ Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, Ресейдіӊ халық әртісі Сергей Снежкин. Фильм Алматыда және Алматы облысында, Астанада, Қарағандыда, Мәскеу мен Санкт-Петербургте түсірілген. Картинаны сомдау жұмысына жалпы саны 10 мыӊға жуық адам қатысқан.

"Жұлдыздар тоғысқанда" картинасы 2016 жылғы 28 сәуірде жалпыұлттық прокатқа шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны