14.02.2008, 17:47 2836

Президент елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін кедендік процедураларды оңтайландыруды қолдайды

Президент елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін кедендік процедураларды оңтайландыруды қолдайды

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін кедендік процедураларды оңтайландыруды қолдайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жүктерді кедендік рәсімдеудің жетілдірілмеген тұстарына назар аударды. "Елімізде тауарларды кедендік рәсімдеудің ұзаққа созылатындығы байқалады, тауарлардың шекарада қаңтарылып тұруы өсіп барады, ал бұл елдің экономикасына шығын әкеледі", - деді ол.

Мұндай жағдай еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға кедергі болуда. "Қазір біз Қазақстанды транзитті мемлекет жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Егер біз транзиттік жүктер мен жолаушылар үшін жағдай жасамайтын болсақ, онда Қазақстан аумағы арқылы ешкім де жүрмейтін болады, өйткені, айналып өтетін басқа да жолдар көп", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны