07.02.2014, 14:13 21066

Президент еліміздің атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру мүмкіндігін ұсынды

"Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн", - деді Президент кеше Атырау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуінде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың ресми атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру мүмкіндігін ұсынды.

"Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Сонымен бір мезгілде, шетелдіктер халқының саны небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн", - деді Президент кеше Атырау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуінде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып, барлық мақсаттарға жететінін атап айтты.

"Біздің артықшылығымыз - көп этносты халқымыздың әралуандығында", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасымен кездесуде ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ж.Беркалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Думлер, жазушы Р.Отарбаев және басқа да жұртшылық өкілдері сөз сөйледі. Олар ауыл шаруашылығын өркендетуге, елдегі бірлік пен тыныштықты сақтауға, мәдениетті дамытуға бағытталған қызметі үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын жеткізді.

Өз сөзінде Р.Отарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасының қабылдануы, "Бабалар сөзі" жобасының жүзеге асырылуы Президенттің көреген саясатының жемісі екендігіне тоқталды. Ол сондай-ақ Елбасының "Мәңгілік ел" идеясын, әсіресе "Қазақ елі" деген ел атауы туралы сөзін көпшілік ықыласпен қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған жұмыс сапарында қаладағы Зияткерлік мектепте болып, облыстың жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы мектептің оқу бөлмелерін аралап, онда білім алып жатқан оқушылармен әңгімелесті.

Өңірдегі жұртшылық өкілдерімен болған кездесу барысында Қазақстан Президенті бұл республикадағы зияткерлік мектептер жүйесіндегі он бесінші мектеп екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы бүгінгі күнге дейін осы мектептерді жалпы еліміз бойынша мыңнан астам оқушы тамамдағанын, бұл Назарбаев университетіне түскендердің жалпы санының 25 пайызы екенін айтты.

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп 2013 жылдың қыркүйегінде ашылды. Жаңа "Нұрсая" шағын ауданында орналасқан мектеп 720 орынға лайықталған, оқу процесін оңтайландыру үшін жаңа құрал-жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар 120 адамға арналған жайлы жатақханасы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны