06.02.2008, 15:18 2581

Президент энергетика саласында бірқатар стратегиялық жобаларды іске асыруды тапсырды

Президент энергетика саласында бірқатар стратегиялық жобаларды іске асыруды тапсырды

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдау арнау барысында энергетика саласында бірқатар стратегиялық жобаларды іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Н. Назарбаев "республиканың оңтүстік аймағында газ сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбырын тарту жөніндегі мәселені тақылап, құрылысқа көшуді" тапсырды . Сондай-ақ, ол үкіметке "Ақтау қаласында атом электр станциясы құрылысына қатысты нақты ұсыныстарды енгізуді" тапсырды.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, халықты электр қуатымен қамтамасыз етудің басты міндеттеріне Балхаш ТЭС, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші қуат блогының құрылысы, Мойнақ ГЭС құрылыстары кіреді. Ол сондай-ақ, 2009 жылы "Солтүстік-Оңтүстік-Қазақстан" жобасы бойынша электр тарату қуаттылығы 700 кВт екінші желісі мен "Солтүстік Қазақстан -Ақтөбе облысы" электр тарату желісінің құрылыстарын аяқтау қажет дегенді айтты.

"Үкімет сонымен бірге электр қуатын үнемдейтін, экологияға зардап келтірмейтін технологияларды енгізуге күш жұмсауы керек", - деп қорытындылады Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны