13.07.2009, 17:14 2671

Президент "ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды

Президент "ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге ЕурАзЭҚ үкімет басшылары деңгейінде өткен Мемлекетаралық кеңестің кезекті 22-отырысының қорытындысы бойынша 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған болатын.

Келісімге оған қатысушы елдер аумақтарында инвестицияларды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің инвесторлары үшін қолайлы жағдайлар жасауға және оларды қолдауға ниет білдіру мақсатында қол қойылды. Олардың инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау ықпалдасу процестерін дамытуға, өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесетіні танылады.

Келісімнің 6-бабының 3-тармағына сәйкес инвесторға оның инвестицияларын екінші тарап мемлекетінің экспроприациялауы және мемлекет иелігіне алуы кезінде реципиент мемлекеттің заңнамасында көзделген мерзімде, бірақ экспроприацияланған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өтемақы төлеу көзделген.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгеннен өзгеше ережелер белгілеуді көздейтін осы Келісім "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны