02.02.2010, 14:21 3013

Президент халық санағының нақты қорытындысын шығару және оның нәтижелерін жариялау туралы тапсырма берді

Президент халық санағының нақты қорытындысын шығару және оның нәтижелерін жариялау туралы тапсырма берді

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

И. Смайылов президентті ведомствоның ағымдағы жұмысынан және таяу перспективаға арналған жоспарынан хабардар етті.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Статистика агенттігінің ақпараттық жүйесіне одан әрі жаңғырту жүргізу, статистикалық әдістемені жетілдіру, сондай-ақ халық санағының нақты қорытындысын шығару және жұртшылыққа кеңінен жетуі үшін оның нәтижелерін жариялау туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны