25.07.2007, 16:58 2875

Президент химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 25-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң "Техникалық реттеу туралы" заңды жүзеге асыру аясында жасалған, онда химиялық өнімді жасау, өндіру, қолдану, сақтау, таңбалау, орау, тасымалдау, сату және пайдалы жарату сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық және әкімшілік кедергілерді жою талаптары бар",- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны