09.06.2026, 10:55 111351
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.07.2026, 19:52 4121
Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін тағы 10 жер учаскесі алынады
Достарға айту
Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін тағы 10 жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының Алатау ауданында Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін ұзарту мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін 10 жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын", - делінген құжатта.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2028 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы тағы бір қаулы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Алматының Түрксіб ауданында кәріз сорғы станциясын салу үшін үш жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 15:11 8316
Қазақстан "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде екі жүлде иеленді
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV "Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен.
Ақерке Амалят "Витебск-2026" XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша өнерпаз 134 ұпай жинады. Биылғы додаға 19 елдің орындаушылары қатысты.
Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені 13 жастағы Жасмина Түзелова салды. Жас өнерпаз "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті.
Жасмина Түзелова авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа да ие болды. Бұл марапатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындады. Эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқаулары дәстүрлі түрде "Витебскідегі Славян базары" фестивалі аясында өткізіліп, әр елден келген жас өнерпаздардың басын қосатын беделді алаңға айналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 13:31 10436
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Қарқара" өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзартылды
Бұған дейін өткізу пункті сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін. Мұндай шешімді екі елдің шекара қызметтері жазғы туристік маусымда жолаушылар ағынының артуына байланысты қабылдады
Достарға айту
2026 жылдың 21 шілдесі мен 31 тамызы аралығында Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы "Қарқара" автомобиль өткізу пункті ұзартылған жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі.
Енді өткізу пункті күн сайын Бішкек уақыты бойынша сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) жұмыс істейді.
Қырғызстанның Шекара қызметінің мәліметінше, жұмыс режимінің өзгеруі туристік маусымдағы жоғары сұраныс кезеңінде мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қарқара" автомобиль өткізу пункті Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Түп ауданында орналасқан және азаматтар мен көлік құралдары өтетін халықаралық автомобиль өткізу пункті болып табылады. Ол Қазақстанның Алматы облысындағы "Кеген" өткізу пунктімен жұптасып жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 11:47 13066
Қазақстанда жалған банкноттар шығаруды жалғастыруда
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі), деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.
Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған - 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының - 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр - 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада - 11 дана (19,3%), қалған 14% - монеталар.
Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!", "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ" деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді.
Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.
Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді. Жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды. Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің ою-өрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз. Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады."- деп жазады хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 11:09 13851
Павлодар облысында дауылды жел үйлер мен электр желілеріне зақым келтірді
Достарға айту
Павлодар облысының Успен ауданындағы Қонырөзек ауылында жаңбырмен бірге соққан қатты жел тұрғын үйлер мен электр беру желілеріне зақым келтірді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қолайсыз ауа райы басталар алдында олар "Торнадоға" ұқсас құйынның соққанын байқаған, деп жазады Павлодар-онлайн.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, екпінді жел үйлердің шатырларын жұлып, ағаштарды құлатып, электр және телефон сымдарын үзген. Бірнеше тұрғын үйге айтарлықтай зақым келген. Табиғат апатынан кейін ауылдың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды.
Қонырөзек ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, табиғат құбылысы елді мекеннің тек бір бөлігін қамтыған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі бағалануда, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен аудан басшылығы жұмыс істеп жатыр. Электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру шаралары қабылдануда.
Әкімдіктің хабарлауынша, ауыр зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерден бөлек, жергілікті мәдениет үйінің шатыры шамамен 30%-ға зақымданған.
Айта кетейік, бұл Павлодар облысында 19 шілдеде секундына 20 метрге дейін жеткен дауылды жел мен бұршақ салдарынан өңірде екі көпқабатты және 47 жеке тұрғын үйдің шатырлары, әлеуметтік нысандар зақымданып, 11 елді мекен жарықсыз қалған болатын. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, ең көп зардап шеккен Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кенті мен Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылында тіркелген. Мұнда екі көпқабатты және 47 жеке тұрғын үйдің шатырлары, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың қасбеттері мен терезелері бүлінген. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бөлмеаралық қалқалар құлаған. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы салдарынан ЕЭК-тің 220 кВ кернеулі Қалқаман - Құдайкөл электр желісіндегі сегіз тірек зақымданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 10:33 15371
Елімізде жүргізушлер үшін 25 тамыздан бастап не өзгермек
Достарға айту
2026 жылдың 25 тамызынан бастап Қазақстанда "Жол жүрісі туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Ішкі істер министрлігі жаңа нормалардың міндетті медициналық тексеруден өтуге, жол қозғалысы қағидалары бойынша білімді қайта тексеруге және көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке қатыс бар екендігін түсіндірді.
Тиісті өзгертулерге сәйкес, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі қажет. Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтеміз.
Келесі өзгеріс жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты. Заңда көзделген жағдайларда жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Мысалы, жол қиылысынан өту кезінде апаттық жағдай туғызу, белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу сияқты өрескел құқық бұзушылықтар. Бұл талап барлық жүргізушіге емес, тек заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады.
Сонымен қатар, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Ал, егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды. Бұл өзгерістердің барлығы жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Барша жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Ал бұл талапқа жататын жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 09:44 16571
Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға Үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бөлінген қаражат ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға бағытталады, оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі.
Үкімет бұған дейін 2025 жылы 1,7 шақырым учаскеде нығайту, жер қазу, бетон құю жұмыстары жүргізіліп, габион құрылымдарын орнату жұмыстары аяқталғанын еске салады. Жалпы алғанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 25%-ы орындалды.
Жобаның жүзеге асырылуы Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді.
Қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Соңғы екі жыл ішінде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай Солтүстік Қазақстан және Павлодар сияқты алты өңірде жалпы ұзындығы 243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері мен құрылыстары салынып, нығайтылды.
Үкімет су және туристік инфрақұрылымды дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 09:31 17281
Қазақстан президенті бірқатар жаңа елшілерді тағайындады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы, Ұлыбританиядағы және Румыниядағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады. Тиісті жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.
Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2026, 09:31Қазақстан президенті бірқатар жаңа елшілерді тағайындады 22.07.2026, 09:44 16136Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді22.07.2026, 10:33 14936Елімізде жүргізушлер үшін 25 тамыздан бастап не өзгермек22.07.2026, 11:09 13416Павлодар облысында дауылды жел үйлер мен электр желілеріне зақым келтірді22.07.2026, 11:47 12631Қазақстанда жалған банкноттар шығаруды жалғастыруда
17.07.2026, 23:10 95341Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 93341ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев17.07.2026, 15:25 92931Қазақстан ОСК тағы 16 халықаралық байқаушыны аккредиттеді17.07.2026, 21:04 88381БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясының базасында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді17.07.2026, 14:28 88376Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады
23.06.2026, 17:00 206256Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді23.06.2026, 15:08 180991Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету ережелері өзгерді23.06.2026, 14:27 171291Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды25.06.2026, 17:42 150651Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ24.06.2026, 16:02 148736Елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі
