06.02.2007, 11:24 2819

Президент "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңда "қолдан жасалған тұз" деген негізгі ұғымның жаңа редакциясы беріліп, үкіметтің азық-түлікте қолданылатын тұзды йодпен байытуға қойылатын бақылау функциясы нақтыланып бекітілген. Сонымен бірге уәкілетті органның йодталмаған азықтық тұз өндіру, елге енгізу және сатуға шектеу қою тәртіптерін айқындау құзыреті бекітілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, түзетулер жекелеген азық-түлік өнімдерінің түрлерін өндіруде технологиялық мақсатта құрамына йод қосылмаған тұзды пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ, құрамында йоды бар тұзды пайдалануға медициналық және басқа да себептермен тыйым салынған адамдарға Қазақстан Республикасы аумағында құрамында йоды жоқ тұз өндіру мен сатуға қажетті құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны