06.01.2009, 11:00 1526

Президент Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімнің 1-бабына сәйкес Қазақстан және Египет жағы мысырлықтар әзірлеген жоспар мен техникалық жоба бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.

Жобаны келісімге қатысушылар қаржыландырады. Бұл мақсатқа біздің еліміз 2007-2009 жылдарда 4,5 миллион доллар қарастырады. Келісімнің ережелерімен мешітті жаңғырту жөніндегі қаржыны техникалық және әкімшілік басқару үшін Египет жағының басшылығымен үйлестіру комитетін құру көзделген.

Үйлестіру комитеті әр тараптың мемлекеттік өкілетті органнан екі немесе үш өкілінен құралады және Египет жағымен келісе отырып қаржының қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ келісімге қатысушылардың өкілетті органы үшін жаңғырту жұмыстарының атқарылуы туралы тоқсан сайын есеп әзірлейді.

Құжаттың 9-бабына сәйкес мешітті жаңғырту жұмыстарының орындалуы бас мердігермен жасалған келісімге сәйкес, үйлестіру комитетінің қатысуымен Египет Араб Республикасының ішкі заңдарына сәйкес қабылданады.

Бұл келісімге 2007 жылы 28 қазанда Каир қаласында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны