07.04.2008, 16:23 3144

Президент Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Астана. 7-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев ""Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, келісімде бір мемлекет азаматтарының шетелге шығуға қажетті құжаттардың негізінде екінші мемлекеттің аумағына келу, транзитті жүріп өту, келген елдің мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 90 күннің ішінде сол елдің аумағында болу құқықтары белгіленген.

Келісім екі мемлекет те мойындаған жүру құжаттарының тізімін, визасыз кіріп-шығу ережелерін, мемлекеттік шекарадан транзитті жүріп өту тәртіптерін айқындайды.

Келісімге Астанада 2006 жылдың 6 қарашасында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны