14.01.2008, 19:22 2757

Президент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, "инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады" - делінген мәжіліс комитетінің отырысында.

Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны