20.01.2010, 18:12 3370

Президент "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заңға қол қойды

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы сот-сараптамалық қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу, Икімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекстерге, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Лицензиялау туралы" заңдарға өзгерістер енгізілді.

Сенатта талқылау барысында Мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 91- бабындағы тоғызыншы бөлігін сәйкес келтіру мақсатында заң жобасының 1- бабының 2- тармағы, 3) тармақшасының бесінші азат жолымен сот қаулысының орнына сараптама тағайындау туралы сот белгілемесі қарастырылатын болды.

Одан басқа "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 57- бабының 1 тармағындағы 4) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында "Лицензиялау туралы" заңның 26- бабындағы 1) тармақшасына сот-медициналық, сот-психитриялық және сот-есірткілік сараптама түрлері де енгізілді.

Сондай-ақ, президент "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заң жобасыне ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына да қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны