13.07.2009, 17:29 2628

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды,
деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты спорттың бұқаралық түрлерін дамыту, спорт резерві мен спортшыларды тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады.

Заң жобасы спорт резервін әзірлеу тетіктерін, спортшы мен денешынықтыру-спорттық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарын реттейді, денешынықтыру-спорттық ұйымнан немесе қоғамнан ауысу барысындағы спортшының құқықтарын нақтылайды.

Сондай-ақ "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның 30-1 бабындағы 2 тармақтың 1-2 тармақшасында белгіленген спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық қамтамасыз етуді 8,0-ден 24,0 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ұлғайту туралы түзету ұсынылып отыр.

"Жеке кәсіпкерлік туралы" заңға дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік органның бақылау міндеттерін реттейтін толықтыру енгізілетін болды.

Заң жобасын сенаттың тұрақты комитеттерінде талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына түзетулер ұсынылды.

Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт саласында қызмет ететін субъектілердің қызметін қаржыландыру көздері нақтыланды.

Одан басқа, құжатқа ұғымдарды нақтылау сипатындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны