07.04.2009, 14:38 3100

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен қылмыстық процесте азаматтардың мемлекеттік қорғалуын қамтамасыз ету тетігінің тиімділігін арттыруға бағытталған құжат аясында Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерімен қатар "Жедел-іздестіру қызметі туралы" және "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заңда қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданатын органдар шеңбері айқындалып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін қылмыс туралы мәлімдеген адамға қатысты мемлекеттік қорғауды қолдану көзделген.

Заңмен күзетпен ұстаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары регламенттеліп, мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Парламент сенатының заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің хатшысы Қабдығали Ахметов бұл заң жобасы мемлекет қорғауына жататын адамдар аясын кеңейтуді қарастыратынын, қылмыстық үдеріске қатысушы адамдарға қауіпсіздік шараларын қабылдау және қылмыстық үдерісті жүргізуші органның қауіпсіздік шараларын тоқтату туралы шешіміне шағымдану құқын беретінін атап өтті.

Мемлекет қорғауына жататын адамдар тізімін ұлғайту, оған сот орындаушыларын қосу, сондай-ақ тәртіптік әскери бөлімдерде ұсталғандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны