10.12.2008, 18:48 2979

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы салықтық әкімшілендіруді күшейту, қолданыстағы заңнама және Салық кодексі нормаларының қосарлануын болдырмау мақсатында әзірленген. Сондай-ақ, салық салу саласын қозғайтын қолданыстағы заңнаманың және Салық кодексінің нормалары арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.

Осы заң жобасы жаңа Салық кодексінің нормаларын кедергісіз әрі толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан заңнамасының ажырамас және құрамдас бөлігі болып табылады.

Жаңа Салық кодексін әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында заң жобасында еліміздің заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ережелер енгізілген. Олар салықтық құқықтық қатынастар субъектілерінің жауапкершілігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсететін салық төлеушілерді уәждеуге бағытталған.

Кейбір заңнамалық актілерге Салық кодексінен тікелей туындамайтын, бірақ оның нормаларын іске асыру үшін қажетті толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындауына әкеп соқтырмайды. Сонымен қатар оның қабылдануы экономиканың орнықты дамуы мен оны әртараптандыру үшін жағдай жасайды және экономиканың көлеңкелі секторын қысқартуды қамтамасыз етеді. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартады. Бұл елге келетін капитал ағынына ықпал жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны